bkogov.kz Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Балбөбек» бөбекжайы» МКҚК
БҚО әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімі
bkogov.kz
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
«Балбөбек» бөбекжайы» МКҚК
БҚО әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімі
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!

Дамытушы орта  

“Табиғаттағы тіршілік орталары”

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының бағдарламаларын жүзеге асыру, жаңа технологиялардың талаптарына сәйкес пәндік - дамытушылық  ортаны құру, балалардың өзіндік және зерттеушілік, танымдық, шығармашылық іс-әрекеттеріне әсер ететін әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында  бөбекжай  педагогтары  «Табиғат ғажайыптары»  тақырыбымен  эксперементалды алаңда жұмыс жүргізіп, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді жобаларын  жүзеге  асыруда. Экологиялық білім берудің мақсаты балаларға қоршаған ортаны таныстыру, адам мен табиғаттың бірлігі туралы  алғашқы түсінік беру,  олардың бойында кішкентайынан  табиғатты сүю, оған қамқорлық жасау, табиғатпен үйлесімді  өмір сүру дағдыларын қалыптастыру болса , біздің міндетіміз сол білімді алулары үшін  барлық жағдайларды жасау  болып табылады.
       Бөбекжайдың жұмыс бағыты экологиялық тәрбие болғандықтан дәліздердегі бос кеңістіктер сол бағытқа сәйкес жоспарланып, табиғаттағы тіршілік орталары бейнеленген бір тұтас суретпен безендірілді. Безендіруде заманауи тәсілдер  қолданылып,  кейбір мүсіндер 3D форматпен жарықтандырылды.  Баллалардың жас ерекшелігін ескере отырып  «Зеректер » тобының  дәлізі «Су асты әлемі», «Ғарыш әлемі» тақырыбында, «Бөбектер» тобының дәлізі «Өсімдіктер әлемі» мен «Жануарлар әлемі» тақырында безендірілді. Осылайша дәліздер де дамытушылық ортаға айналды. 
           Балалардың таңқалысын, қуаныш сезімдерін көру біз үшін қандай маңызды болса, ата-аналардың педагогикалық ұжым жұмысына оң баға берулері  мен ризашылықтары  да сондай маңызға ие.

 

 

2/5